Серік Ахметов 2 миллиард 200 миллион теңгені бюджетке қайтарды

Ахметовтің жақындары қарызды қайтарды. Осылайша, 2 миллиард 200 миллион теңге мемлекетке келтірген шығыны толық өтелді дейді экс-премьердің адвокаттары.

Дереккөз: КТК арнасы
0
Серік Ахметов
Серік Ахметов (ҚР Премьер-Министрі - 2007-2012 жж)

Бұл Серік Ахметовтың Қарағанды облысын басқарған тұста жүрген «Топар жылыжайлары» компаниясы мен Индустриалдық парктегі кәріз құбырының құрылысы кезінде талан-таражға түскен қаражат екен. Экс-премьер шығынды өтеу арқылы өзіне тағылған баптардың ең ауырын жеңілдетпек болғанға ұқсайды. Ал оның аудандық сот шешіміне жазған апелляциялық арызы ертең қаралмақ.

Естеріңізге салсақ, Серік Ахметов былтыр желтоқсан айында мемлекет мүлкін талан-таражға салды, кәсіпкерлікке кедергі келтірді және заңсыз кәсіп жүргізді деген айыппен 10 жылға сотталған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу