Қазақстанда аз байытылған уран банкі келесі жылы салынады

Атом қуаты бойынша Халықаралық Агенттік (АҚХА) басшысы Венада 2017 жылдың қыркүйегіне қарай Қазақстандағы аз байытылған уран банкінің құрылысы аяқталады деп күтіп отырғанын мәлімдеді.

0
Юкия Амано Қазақстан

Халықаралық ұйымның басшысы Юкия Амано Қазақстанда «Атом қуатын пайдалану туралы» заңның қабылданып қойғанын, нормативті-құқықтық базаның жаңаланып жатқанын ескертті. «Қондырғының операторы шала байытылған уран банкі орналасатын жаңа ғимараттың кескінін аяқтауда. Қазақстан басшылығы құрылыс 2017 жылы аяқталады деп күтуде», — деді Амано.

Былтыр тамызда Қазақстан үкіметі Атом қуаты бойынша Халықаралық Агенттікпен елде аз байытылған уран банкін орналастыру туралы келісімге келген еді.

Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасатын банкте атом энергетикасында қолданылатын аз байытылған уран сақталатын болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!