Қазақстандық зауыт ҚР Қарулы Күштеріне теңіз түбіндегі миналарды әзірлеуді жоспарлауда

«ЗИКСТО» АҚ қазақстандық зауыты Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері үшін теңіз түбіндегі миналарды шығаруға дайын. Бірінші кезеңде кәсіпорын еліміздің ӘТК үшін төрт тәжірибелі үлгіні әзірлеуді ұсынып отыр.

0
Миналарды әзірлеу

«Бүгінгі күні шартты қарсылас десантының түсіруінен Каспий теңізінің су айдынын қорғау тұжырымдамасы мәселелері талқылануда. Мұнда зауытымыз өндіретін үлгілер қолданылады. Әлбетте, біз оларды толық пысықтаймыз. Сынамадан кейін пысықтау кезінде Каспий жағалауларын қорғау үшін аталмыш үлгілерді пайдалануға болады», – дейді «Зиксто» АҚ-тың бас директоры Валерий Спицын.

Зауыт дәнекерлеу

Осы бағыт шеңберінде зауыт басшылығы мен ҚР Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы арасында бұдан бұрын сынамадан өткізу және жеке құрамды теңіз миналарын пайдалану ережелеріне оқыту үшін миналарды ықтимал дайындау туралы келіссөздер жүргізілген болатын.

Оң шешім болған жағдайда кәсіпорын өнімнің аталған түрін әрі қарай сериялық өндіру үшін бұйымдарды толық пысықтау жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі және «Қазақстан инжинирнинг» АҚ-пен өзара ынтымақтастығымыздың арқасында зауытпен жұмыс жүргізіліп, 2015 жылы осы миналардың екі үлгісін жеткізуге Ресей Федерциясымен келісімшартқа қол қойылды.

Теңіз түбіндегі миналар – бұл теңіз миналарының бір түрі. Олар теңіз түбіне орнатылады және миналар үстінде өтетін магниттік, акустикалық немесе кеменің өзге де физикалық алаңының әсер етуінен іске қосылады.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!