Ләйлә Сұлтанқызы елдің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді

Қазақстанның танымал жүргізушілерінің бірі Ләйлә Сұлтанқызы өзіне көрермендер, оқырмандар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Өте жиі қойылатын сұрақтарыңызға жауап берсем деп шештім (шынайы жауап беруге тырысамын) деп жазды жүргізуші өзінің Instagram парақшасында. Дереккөз: nur.kz

8
Ләйлә Сұлтанқызы

1. Менің салмағым шынында да 86 кг болды. Қазір 61. Бұл нәтиже – тек дұрыс тамақтану мен спорттың арқасы. Байқасаңыз “идеал”емес. Өзіме ыңғайлы, әзірге. Әзірге дейтінім, артық бірнәрсе жесем таңертең таразыда бірден көрінеді. Сол себепті, аптасына 1 рет “разгрузка” жасаймын. Дұрыс жасамасаңыз, талып қалуыңыз мүмкін (өзімде жиі болған).

2. Менің толық жасым… 39-ға желтоқсанда толамын.

3. Балаларымның әкесі бар. Өзі туралы айтқызбайды, мен де айтқым келмейді. Алдында отбасы болған. Өткенін құрметтеймін, балаларымен келіндермен араласамын.

4. Әйел ретінде мен де тура сіздегідей проблема болады. Түсінбестік, ұрыс, реніш… Ақылмен шешуге тырысамын.

5. 5 сағаттан артық ұйықтамаймын.

6. Бет күтіміне ерекше мән беремін. Биоревилитация, плазмалиффтинг жасатамын. Ернімді үлкейткен жоқпын.

7. Аяғым ауыр емес. Бірақ, қыз балалы болуды армандаймын. Денсаулығым “аттай” (тіл-көзден) Құдай бермей жатқан шығар.

8. Мен сүйемін, сүйіктімін де…(тіл-көзден). Өзімді де жақсы көремін.

9. Көлікті өзім жүргіземін. BMW X6

10. Шашымның түсі қоңыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

8 пікір

  1. Маган катты унайсыз. Сиз оте адемисиз. Жузиниз жылы екени коринипак тур. Оте акылды айелсиз…

  2. Ой осы Ләйла ханымды да тергеп жүрген біздің қазақтар істейтін жұмыстарың жоқпа деймінда!? Жұмыс жоқ іштерің пісіп отырған болсаңдар келіңдер оңтүстік ке жер жыртыа егін егеміз бізде жұмыс қызу жүріп жатыр теледидар қарауға шамаларың келмейтіндей етіп жұмыс берейін сендерге!!

  3. Ол токал емес , жумысына оте белседi ,талантты ,адемы ,оз -озыне карайтын (бызден келыншектер оздерыне карамай алкам -салкасы шыгып журеды кобi ) быздын мандайымызга быткен асыл тулга ! Кореалмаушылык туптерыне жетеды !

  4. Алланың маңдайына жазғаны болады. Тоқал, тоқал емес деген әңгімені қойсаңдаршы. Дәм-тұзын қосты екеуінің құдай. Ана ұлдарының көретін жарығын осылай келтіріп тұр. Ләйләнің өте ақылды әйел екенін жарының бұрынғы балаларымен қатынасытынан ақ біле берсеңдерші. Қазақтың өте қайсар, ұлтжанды, намысқой қызы. Әр қазақтың отбасында осындай қыздар болса жаман болмас едік. Ләйлә, өсе бер, өркендей бер, жаным. Біз сені өөөөөте жақсы көреміз.

  5. Ләйлә ханым нағыз ұлтжанды қазақ қызы.Жарайсың қарындасым, нағыз қазақ қызы өзіңдей болсын.Алла тағала тілеуіңді беріп қызды боларсың иншаллаһ

Пікір қосу