Қызылордалық нәзік жандыларға мерекеге орай тосын сый жасалды

Қызылорда қаласының әкімдігі мен «Қызылорда автобус паркі» бірлесіп қаладағы түрлі бағыта қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктерде, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аналарымыз бен қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында гүл шоқтарын таратты. Бұл туралы қала әкімдігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жазылды. Дереккөз: ҚазАқпарат

0

«Қоғамдық көліктерге мінген аналарымыз бен аруларымыз: «Жыл сайын ұйымдастырылатын шара болса да, біз үшін әр кез ерекше қуаныш, көрсеткен құрметтеріңіз үшін үлкен рахмет» – деп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп жатты», делінген хабарламада.

Жалпы Қызылорда қаласында жыл сайын ұйымдастырылып отыратын бұл шара, биылғы жылы да 7-8 наурыз күндері жалғасады.

20160308032508

әйелдер гүл сыйлау

Қызылорда әйелдер гүл сыйлау сурет

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!