Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде екі ойында жеңіске жетті

Алматыда 6-8 қараша аралығында халықаралық турнир өтті. Турнирге алты команда қатысты. Олар — алматылық «Қайраттың» екі командасы, ташкенттік «Пахтакор», қарағандылық «Шахтер», Қазақстан және Қырғызстан жасөспірімдер құрамасы.

Дереккөз: Аламан.кз
0

16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі ойында жеңіске жетті. «Пахтакор» командасын 7:0 есебімен ұтса, Қырғызстан жасөспірімдер құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті. Василий Маруняк шәкірттері қалған ойындарда есе жіберді.

Турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасының екі ойыншысы жекелей марапатқа ие болды. Мәди Жақыпбаев ең үздік жартылай қорғаушы деп танылса, Лев Скворцев ең үздік сұрмерген атанды.

16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының нәтижесі:

Қазақстан – Қайрат 0:1

Қазақстан – Қайрат U-17 0:2

Қазақстан – Шахтер 2:3 Скворцов — 2

Қырғызстан – Қазақстан 0:3 Жақыпбаев, Скворцов, Қашкен

Пахтакор – Қазақстан 0:7 Скворцов 4, Сағынаев 2, Жақыпбаев

М Команда О Ж Т Ж Ұ Д
1 Қайрат U-17 5 3 2 0 11 7-2
2 Шахтер 5 3 1 1 10 9-4
3 Қайрат 5 2 2 1 8 3-3
4 Қырғызстан 5 2 1 2 7 5-6
5 Қазақстан 5 2 0 3 6 12-6
6 Пахтакор 5 0 0 5 0 1-16

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу