«Астана арландары» бүкіләлемдік WSB бокс сериясында «Баку Файрсты» жеңді

«Астана» бүкіләлемдік WSB бокс сериясында «Баку Файрсты» жеңді, деп хабарлады ҚазТАГ.

Дереккөз: ҚазТаг
0
Астана Арланс Астана Арландары

Командалардың матчтық кездесуі Бакуде өтіп, қазақстандықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Біздің клуб құрамындағы Закир Сафиуллин (60 кг) Насраддин Маммадовтан, Олжас Сәттібаев (52 кг) Магомед Ибиевтен, Нұрдаулет Жарманов (81 кг) Михаил Долголевецтен басым түсті. Бұл ретте Асланбек Шымбергенов (69 кг)  Тамерлан Абдуллаевтан, Нұржан Бекзатов (+91 кг) Арсланбек Махмудовтан жеңілді.

Осылайша, қазақстандық боксшылар алты ұпай жинап, D квартетінде үшінші орынға тұрақтады.

«Астана Арланс» келесі кездесуді 19 наурызда Петропавлда «Пуэрто-Рико Харрикейнске» қарсы өткізеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу