Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерін терроризммен бірлесіп күресуге шақырды

Қазақстан Сириядағы қақтығыстың барлық қатысушысын елдегі соғысты тоқтату бойынша өз міндеттемелерін орындауға шақырады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссия жетекшілерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Дереккөз: Bnews
0
Нұрсұлтан Назарбаев
nur.kz

«Сириядағы қақтығыс салдарының ауқымы өте кең. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері қоныс аударып жатқан осынша босқын мен келімсек болған емес», — деп атап өтті кездесуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, ИСИМ-мен күрестегі халықаралық қауымдастықтың бытыраңқы іс-қимылын террористер пайдаланып отыр.

«Сондықтан мен БҰҰ-ның қамқорлығымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жаһандық желісін құруды ұсындым. Егер барлық елдер күш біріктірмесе, біз табысқа қол жеткізе алмаймыз», — деді елбасы.

«Біз Ресей мен АҚШ-тың Сирияда атысты тоқтату туралы келісімге келуін қолдаймыз. Барлық тараптарды қол жеткізген өз міндеттемелерін орындауға шақырамыз», — деді президент.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу