Сабақтан қалған оқушылардың ата-анасы жазаға тартылатын болды

Сабақтан қалған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткен ата-аналардың дәстүрлі жиналысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz. Дереккөз: Bnews

17
Мектеп оқушы мұғалім

«Бұзақылықтың көбі ата-аналардың құқықтық сауатсыздығы салдарынан болып жатады. Алайда заңды білмесең, ол сені жауапкершіліктен құтқармайды. Сол үшін ата-аналар жиналысына қатыса бастадық. Ата-аналарды бала тәрбиесіне қатысты заң ережелерімен таныстыруды көздейміз.  №16 мектептегі соңғы жиында ата-аналар белсенділік танытып, көкейде жүрген біраз сауалын жолдады. Бізді бұл қуанатып отыр. Осындай шаралардың арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады»,- деді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ләйлә Әліпбаева.

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ата-ана бақылауынан тыс қалған және бос уақыты көп балалар жиі бұзақылық жасайды

«Ата-ананың басты міндеті – балаға дұрыс тәрбие беру. Жалпыға ортақ білім алу да осы міндеттің ішіне кіреді. Алайда, өкінішке қарай, ата-аналардың немқұрайлығынан сабаққа бармайтын балалар аз емес. Ішімдікке салынған немесе басқа да зиянды әрекеттерге әдеттенген отбасыларды ерекше бақылауда ұстаймыз. Біздің қызметкерлеріміз сондай отбасылардан шыққан балаларды өздері жетектеп жүріп сабаққа алып барады. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасының 127-бабына сәйкес балалар тәрбиесі міндетін орындамайтын ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылады»,- деді подполковник Әліпбаева.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

17 пікір

    • Ата-ана баласына ие болсын. Сенен “мұғалім сауатты ма? ” деген сұраққа жауап сұраған жоқ.Бұл жаңалыққа кінәсі барлар ғана қуанбайды. Ісі тазалар қуанады,әрине

  1. Бала сабакта болмаса неге мугалим жауап беруи тиис? Алдымен ман жайдын анык каныгына жетип барып сойлеу керек шыгар?

  2. асыра силтеп журмейик.. тагы да ойланайык, бирак жылдамдатпаса болмайды! накты, пайдалы пикир калдырыныздаршы отиниш.

  3. Егер бала сабаққа келмесе, ата-анасы қадағаламаса онда мұғалім үйінен әкелмейтін шығар. Баласын күнделікті сабаққа жіберу, сабағын қадағалау, болашақта білімді азамат болып қалыптасуы ата-ананың міндеті. Балаларым өсіп келеді. Қандай мектепке, қандай үйірмеге апарамын деген ой бүгіннен мазалайды. Ал жоғарыдағы бірінші аноним мұғалімдерге тіл тигізбесін, сол сөзді солай жетісіп жазып отырғаны мұғалімнің арқасы.

  4. Сонда мугалимдерди Ким ойлап жатыр?!Мугалимнен сапалы билимди калай талап етеди?Мугалимнин егизги жумысы билим беру емеспа еди?Мугалимнин мартебеси калай жогары болсын сайлауда уй аралап тентирейди,край жерде массовка керек сол жерге мугадимжерди жибереди,окушысынын тазалыгы,тартиби,билими,сабакка катысу,катыспауына жауап береди….Енди уйинен барып акелип отыршызу калды….

    • Сен мұғалім болсай онда. Мұғалім туралы мұғалім ғана айта алады.

  5. Осы неге бала тəрбиесіне мұғалім немесе ата ана жауапты деп жақ жақ болып дауласа бересіздер. Атам заманнан ең бірінші жауапты ата ана, кейіңгілері мұғалім мен қоғам екенін есі бар есті жандардың кез келгені түйсіне алады. Ал оны түсіне алмағандар өздерін қай қатарға қосатынына ойланса деп ойлаймын.

  6. Біздің сабаққа келмеген оқушыларды үйінен барып оятып, киіндіріп, мектепке, сабаққа ертіп әкеледі. Ата-аналары таңмен жұмысқа кеткесін балалар қайтадан ұйықтауға кіріседі. Ал осыны оларға айтсаң, “Сендердің міндеттерің. Сол үшін ақша алып отырсыңдар” деп шығады. Өзіне және баласына келгенде заңгер болып шыға келетін ата-аналарға осындай заң аясында шара қолданса тәубесіне келер еді.

  7. Мұғалім мәртебесін көтермейінше оқушыға ұстазын сыйлау,тыңдау,сабақтан қалмау дегенді айту бос әңгіме

  8. Арине дурыс шыгарылган зан.Бугинги куги бала тарбиесин жан жакты колга алган дурыс.крас

  9. Казирги заманда балаларды жаксылыкка уйрету керек пе, алде кулыкка, айлакерликке, жагымпаздыкка т.с.с. тарбиелеу керек па деген суракка калай жауап берер единиз?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!