Синоптиктер наурызда ауа райының қандай болатынын айтты

Қазақстанда наурыздың алғашқы жартысында 27 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Дереккөз: tengrinews.kz

0
Ауа райы

Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, наурызда республиканың көп бөлігінде күн жылынып, ауа температурасы 1 градус нормасынан жоғары болады. Ал еліміздің оңтүстік-шығысында және батыста ауа температурасы климаттық норма аясында болады. Батыста, шығыста, солтүстіктің шеткі аймақтарында және оңтүстіктің таулы аудандарында шауын-шашын нормадан артық түссе, қалған аймақтарда нормадан төмен болады.

Метеоқызметтің мәліметінше, алғашқы декадада Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. “Сонымен қатар, антициклонның келуімен түнде ауа температурасы солтүстік аудандарда 12-20 градусқа дейін, шығыста кей жерлерде 27 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік өңірде 0-5 градус аяз болса, оңтүстік-шығыста 8-13 градусқа дейін күн суытады”, – деді кәсіпорын қызметкерлері.

Синоптиктердің айтуынша, айдың соңында ауа райы қайтадан жылынады. “Айдың екінші жартысында күн жылынып, жауын-шашын мөлшері азаяды. Тұрғындар күннің жылынуын үшінші декадада ғана сезіне алады. Ол кезде солтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы 2-10 градусқа дейін жылынса, оңтүстік өңірлерде 12-17 градус жылы болады”, – деді синоптиктер.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!