Кәсіпқой боксшылар Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды

Дүниежүзілік әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) кәсіпқой боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысу мәселесіне байланысты шешім қабылдады. Енді 12 раунд бойы шаршы алаңда шаршамай айқасуға мүмкіндігі бар кәсіпқойлар Олимпиада жүлдесіне де таласуға құқылы. Бұл туралы ESPN-ге сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дереккөз: Егемен

0
Кәсіпқой боксшы Генадий Головкин

AIBA президенті Чинг-Куо Ву мырзаның айтуынша, жетекші кәсіпқой боксшылар Олимпиалық ойындарға қатысу құқына ие болды. Мұндай шешім аталған ұйымның кеше Англияның Манчестер қаласында өткен кезекті жиынында қабылданды.

Ең қызығы, кәсіпқой боксшылар биыл өтетін Рио Олимпиадасынан бастап қатысуға мүмкіндік алып отыр. Алдағы бірнеше айдың ішінде осы мәселеге кедергі болып отырған басқа да тетіктер қарастырылып, барлық келеңсіздік толығымен жойылмақ.

Айта кетейік, 2013 жылы AIBA кәсіпқой боксшыларға Олимпиадаға қатысуға рұқсат берген еді. Алайда, ол кезде «боксшы кәсіпқой деңгейде 15 жекпе-жектен артық өткізбеу керек», деген талап қойылды. Сондай-ақ, Ойындарға қатысуға ниетті кәсіпқой боксшы AIBA-ның кәсіпқой бокс бойынша бөлімі APB-мен қысқа мерзімді шартқа қол қоюы тиіс-тін. Енді бұл кедергілердің барлығы алынып тасталатын болды.

Ал 2013 жылға дейін кәсіпқой боксшыларға Олимпиадаға қатысуға ешқандай мүмкіндік берілген жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!