Бокстан “Астана арландары” “Өзбек жолбарыстарына” ұтылып қалды

Ташкент төрінде Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының алтыншы маусымы аясында «Өзбек жолбарыстары» («Uzbek Tigers») командасымен кездескен «Астана арландары» 4-1 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлады Sports.kz-ке сілтеме жасаған Қазақпарат. Дереккөз: ҚазАқпарат

17
Астана арландары

Шаршы алаңға ең бірінші болып көтерілген Теміртас Жүсіпов (49 келі) Хасанбой Дусматовқа 0:3 (45:50, 45:50, 45:50) есебімен есе жіберді.

Одан кейін шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Мейірболат Тойытов та (56 келі) Абдулхай Шарахматовқа төтеп бере алмады.

64 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Асхат Уәлиханов (64 келі)  Фазлиддин Мелибоевтен ұтылды.

Ал Еркін Мұхамеджан (91 келі) өзбек боксшысы Мирзабек Хасановтің жолын кесуге қауқары жетпеді.  Астана арландары сапынан тек Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) қана қарсыласы Хуршид Норматовтан басым түсті.

Айта кетерлігі, Астана арландары енді 4 наурыз күні «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен шаршы алаңда кездесетін болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

17 пікір

  1. Тактика деген болады Шешуші шайқас емес!!! Біздің жігіттер ет терісін қаптайды керек болса!!! Өзбек қайда Қазақ қайда!!!

  2. “Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды”. Жеңілді екен деп жерден алып, жерге салғандарыңызға жол болсын?

  3. Түсінбегенім біздікілердің жастары 25-тен ары атақтарыда тəжірибелеріде бар, ал өзбектер шеттерінен 19-да тақиясын теріс айналдырып кигізіп жіберуге болар едіғой өлдеп таяқ жеді.Шамасы өзекеңдер біздің жігіттерді əбден қонаққылып күтіп сілелерін қатырғанау ұйқылары қанбағандай қалғалақтап жүрді

  4. Уят. , бырак сабырлык таныткан жон бул согыс емес спорт сондыктан шукиршилик етейк, осы бар жигиттердын барына.
    Осы коментке бапкерлери немесе спортшылар жокпа екен 1, 2 ауыз соз косатын?

  5. Бəрібір намысың келеді. Еш болмаса бір-екеуі жеңсе ғой.өзбектер куліп отырған шығар. Ауылды жерлерде де спорт мектептері көптеп ашылса ғой шіркін. Ауылда да не бір талантты жастар бекер жур күшін қайда жұмсарын білмей.Ал спорт мектептері тек аудан орталықтарында. Өкінішті.

  6. Бұл спорт. Кейде жеңіс,кейде жеңіліс. Бəрі де біреудің баласы. Менің де ұлым бар.Кішкентай болса да намысына тырысып-ақ жатады.Əйтсе де одан да мықтылар бар емес пе?Жігіттерге келесі ретте сабақ. Бəрі де мүмкін.

  7. Ой, бəрі бекер мен қазақ боксшыларынан көңілім қалды, жеңілістен көз ашапады, ет жеп сорпа ішкен қазақ, күріш жеп, чай ішкен өзбектерден ойсырай ұтылды, ұят!!!!

  8. Озбекстан боксшылары мыкты екенин умытпайык.Биздин ен уздик жаттыктырушыларымыз Казакстан мемлекетинде жумыс таба алмай шет мемлекетте жумыс жасап жатыр.Кай мемлекет бапкерге жогаргы бага берип багаласа сол елден мыкты спортшылар осип онеди.Спортта баппен бак катар шабатынын ескерейик.Спорт саласында жемкорлыкпен айналысатын агалардан кутылайык.Шын таланттыларды жарыска косайык.

  9. Дайындық жоқ, намыс жоқ,тез шаршап, қарсыласқа беріліп қояды. Еліміздің атынаң шықан соң намысқа тырысып барың салу керек. Басқа басқа өзбектең жеңілген ұят намысымызға тиеді.

  10. Мен тікелей эфирден көрдім өзбек телеканалынан. Бір екі боксшымыз шала дайындықпен барған, екі боксшымыз жеңіп тұрған жерінен өзбек боксшына беріп жіберді судиялар сатылғаны айдан анық көрінді. Бір жігітіміз мықтылық танытты. Барған соң мықты дайындықпен бару керек.

  11. Тіліңмен діңгегің мықты болса Астана арланс емес АСТАНА АРЛНАНЫ болып шықса даусыз жеңіске жетер еді өйткені біздің тіл мемлекетке кім ақша аударса соның сол елдің шотын шауып тілін үйренуге үйренуге дайын ел болғасын бізді ата бабамыздың әруағы кешірмей кедергісін аямай жасап жүр

  12. Ұят болды. Біздің жігіттер өзбектермен салыстырғанда тəжірибелі болса да енді боксқа аяқ басқан жас өзбектерден оңбай таяқ жеді. Ұзын, денелі жігіттеріміз пəкəнə өзбектен таяқ жегені өкінішті болды.

  13. Мына мақаланы жазған жөрнәліс нағыз сатқын екен! Қазақтардың ұтылғанына АЙЫЗЫ ҚАНҒАНДАЙ БОП, ТАБАЛАП ТҰРЫП жазыпты.
    “… (пәленшеге) төтеп бере алмады” – деп көкіп сөйлегенше, бұл жекпе-жек қашан, қай қалада өткенін неге айтпайды? Бокстан хабары болса, онда жекпе-жектердің қалай өткені жөнінде дұрыстап талдау жасамай ма? Бокс жайлы өзі түк білмеген соң, бар білетіні қазақ боксшыларын қорлап сөйлеуді ғана үйіп-төгіпті, надан!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!