Түркістанда ортағасырлық үлгідегі қала салынады

Алдағы уақытта Түркістан қаласына туристердің қызығушылығы артатын болады. Себебі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов қасиетті қалаға ерекше мән беріп отыр. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Дереккөз: egemen.kz

0
Түркістан Қожа Ахмет Яссауи кешені

Болашақта Қожа Ахмет Яссауи кешені маңындағы үйлер бұзылып, басқа жерге көшіріледі. Олардың орнына ортағасырлық дәуірді еске түсіретін қалашықтар салынады. Сауран сары сазынан Керуен сарай бой көтереді. Мәдени орталықтар салынады.

Облыс басшысы түркі нәсілдес ұлттар мен ұлыстарға көше бөліп беріп, өз этномәдени қалашығын салуға басымдық бермек.

Бұл – түбір бір түркі жұртын одан сайын жақындастыратын жоба.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу