Мұхаммед Қамшыбек өзін ұрлағандардың оған қалай қарағанын айтып берді

Ордабасы ауданының орталық аурухана дәрігерлері 6 жастағы Мұхаммедді тексеруден өткізді. Олардың айтуынша, баланың дені сау. Ешқандай дене жарақаттарын алмаған. Бала қазір өзін жақсы сезінеді. Қайда барса да, анасынынң соңынан қалмайды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Дереккөз: Отырар
0
Мұхаммед Қамшыбек

Айта кетейік, 20 ақпан күні ОҚО Ордабасы ауданында 6 жасар бала жоғалып кеткен еді. Оны сабақтан соң беймәлім әйелдің ертіп кеткен анықталған. Кейіннен полицейлер оны ұрлаушы әйелдің фотокескінін дайындады.

24 ақпан күні Мұхамедтің қайда екені белгілі болды. Полицейлер оны Арыс қаласының тұрғынының көмегімен тауып алған.

Баланың айтуынша, оны алып кеткендер оған жақсы қараған.

«Ол үйде ата мен Балжан атты әжей болды. Әжей маған сусын сатып алып беріп, мені анама апарамын деп уәде етті», – дейді Мұхаммед.

Баланың анасы Жанна Ағабекова баласының табылғанын қуанып, барлығына алғысын білдірді.

«Аллаға шүкір, балам аман-есен табылып, қуанышым қойныма сыймай отыр. Дәрігерлер оны тексерістен өткізді. Ұлымды іздеуге ат салысқан барлық адамдарға, БАҚ өкілдеріне алғысымды білдіремін. Барлық жақсылықтарыңыз Алладан қайтады деп сенемін», – дейді анасы.

Сондай-ақ, баланы ұрлаған деген күдікпен Арыс қаласының тұрғыны ұсталды. Ресми мәліметтер бойныша, ол қазір тергеу изоляторында.

ОҚО қылмыстық полиция басқармасының басшысы Кенжебек Оңдасыновтың айтуынша, әйел 5 – 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, қылмысқа қатысы бар болған қатысушы ретінде оның күйеуі алынуы мүмкін.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу