Алматылық кәсіпкер баспанаға мұқтаж шымкенттік жанұяға 4 бөлмелі пәтер алып берді

Алматылық кәсіпкер шымкенттік Елеуовтер жанұясына 4 бөлмелі сатып алып берді деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасап Қазақпарат. Дереккөз: ҚазАқпарат

3
қоғам мұқтаж жан пәтер
otyrar.kz

Бұл отбасындағы бес баланың үшеуі церебральді салдану дертімен зардап шегеді. Бірінші наурызда жанұя қоныс тойын тойлайтын болды.

Екі жыл бұрын Елеуовтер жанұясы Қазығұрт ауданынан Шымкентке көшкен. Қалада сапалы медициналық көмек алатынына үміттенген.  Алайда олар үшін қалада өмір сүру қиын болды. Ақшаның көп бөлігі азық-түлік пен жалдамалы пәтер төлеміне кетіп отырды.

Отағасы Әлихан Елеуов өздігінше жүре алмайтын науқас балаларын тәрбиелеуді қолға алды. Сондықтан ол жұмыстан шығуға мәжбүр болды.

Жанұяның бастан-кешкені жазылған, оларға көмек көрсетуге үндеген материал жарияланған соң қазақстандықтар қарап қалмады. Біреулер ақша берсе, енді біреулері азық-түлік беріп жәрдемдесті. Ал алматылық кәсіпкер жанұяға пәтер сатып әперуді ұсынды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

  1. Журегинде иманы бар азамат екен.Сондай азаматтарымыз кобейе берсин. Алла разы болсын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!