Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 13 баспасөз хатшысы

22 ақпанда Қазақстан журналистерін Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевтың тұтқынға алынғаны туралы жаңалық елең еткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері Матаев ірі көлемде қаржы ұрлады, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және салықтан жалтарды деген айып тағып отыр. Дереккөз: Открытая Азия онлайн

0
Сейітқазы Матаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Сейітқазы Матаевқа тағылған айып расталса, ол алты жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өйткені, ол жасады деп отырған қылмыстар ауыр қылмыстар санатына жатады.  Журналистер қауымы болса, Сейітқазы Матаевтың жазықсыз екеніне сенім білдіре отырып, оны растайтын құжаттар бар екенін алға тартады. “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау қорында Қазақстанда ел журналистикасы көшбасшысының беделін түсіруге бағытталған науқан басталды деген болжам айтылды.

Сейітқазы Матаев кезінде Нұрсұлтан Назарбаевпен иық тіресе қызмет атқарған – 1991-1993 жылдар аралығында ол мемлекет басшысының жеке баспасөз хатшысы болды. Тәуелсіздік жылдарында осы бір маңызды да жауапты мемлекеттік қызметті атқаруға 13 адам ғана лайық болған. Олардың әрқайсысы қызметінде үш жылдан артық отырмағаны да бар. «Открытая Азия онлайн» қай жылы кім президенттің баспасөз хатшысы болып қызмет еткенін және қазір ол адамдар қандай қызмет атқарып жүргенін еске түсірді.

Курсорды суреттің үстіне апарсаңыз, сол адамның өмірбаянын оқи аласыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!