Қазақстандықтар Араб әмірліктері мен Испания елдеріндегі коттедждерін жария етіп жатыр

Қазақстандықтар заңдастыруды пайдаланып, Араб әмірліктері мен Испания сияқты елдердегі коттедждерін жария етіп жатыр. Бүгінге дейін осы акция шеңберінде 40-қа жуық жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы шешім қабылданыпты. Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Дереккөз: 31 арна

1
Қазақстан Араб әмірліктері Испания

Қазақстандықтар заңдастыруды пайдаланып, Араб әмірліктері мен Испания сияқты елдердегі коттедждерін жария етіп жатыр. Бүгінге дейін осы акция шеңберінде 40-қа жуық жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы шешім қабылданыпты. Жаппай жүргізіліп жатқан жария ету кімге қажет және кімнің қанша мүлкін заңдастырғаны туралы Бақытнұр Әлібайдың материалында.

2014 жылдың қыркүйегінде басталған заңдастырудың алғашқы 15 айында азаматтар белсенділік таныта қоймаған еді. Содан кейін жария ету акциясы туралы заңнамаларға өзгерістер енгізілген болатын. Бұл жеңілдіктер туралы қаржы министрлігі әртүрлі бейнероликтер де дайындап, көрсетіп жатыр.

Осы ақпараттар түрткі болса керек, қазірге дейін шетелдегі мүлкін заңдастырғандар бар екен. Бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері аралық қорытындыларды жария етті.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры:
– 39 объект бойынша, шетелде орналасқан объектер бойынша шешім қабылданды. Олардың сомасы 1 миллиардтан астам. Көбіне мынау Араб әмірлігі болсын, Венгрияда, Испанияда, Тайландтағы коттедждар осы акцияға қатысып, құжатын алып жатыр. Жақын орналасқан Ресейде, Өзбекстандағы объекттарды да көрсетіп жатыр.

1 миллиардты 39 нысанға бөлетін болсақ, 1 жылжымайтын мүліктің орташа құны 25-30 миллион теңге шамасында болады екен. Алайда, Испаниядағы коттедждер мен Өзбекстандағы пәтерлердің бір бағада бола қоюы екіталай. Сондықтан, кімнің қанша теңгеге мүлкін жария еткенін білмек болдық.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры:
– Ал қандай ең жоғарғы сома туралы айтуға болмайды. Себебі қазіргі таңда бұл заңмен сақталады. Мен де бұл мәліметте айта алмаймын.

Сондай-ақ, мүлкін заңдастырған азаматтардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер бар ма, жоқ па, ол құпия екен. Қаржыгерлер, бастысы – шеттегі қаржы ел экономикасына жұмыс істесе болғаны дейді. Содан кейін, бұл акцияның кімдер үшін тиімді екенін де түсіндіре кетті.

ЕРЛАН САҒЫНАЕВ, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма жетекшісінің орынбасары:
– Мүлікті жария ету салық төлеуден жалтару және тағы сол сияқты заңсыздықтарды жасырғысы келетін азаматтарға қажетірек. Ал мүлкін өзінің адал табысына сатып алғанын дәлелдей алатын адамдардың заңдастыруға қатыспауына болады.

Қалай десек те, бүгінге дейін жария етілген активтердің сомасы 700 миллиард теңгеден асқан. Оның 500 миллиардқа жуығы Қазақстан аумағындағы мүлік. Ал жыл соңында акция аяқталғаннан кейін қаражатын заңдастыра алмағандарға айыппұл салынбақ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. жапжас балаларга токалдыкка ма деген не соз .коргенсиз озинде балалар бар ма?

Пікір қосу