Қазақстан күтпеген жерден өмір сүруге қолайлы елдердің үздік ондығына енді

Қазақстан өмір сүру үшін ең арзан елдердің ондығына кірді. Халықаралық агенттік елімізді Замбия мен Сауд Арабиясы арасындағы бесінші орынға жайғастырды деп жазады Қазақпарат. Дереккөз: inform.kz

0
Астана

GOBankingRates халықаралық агенттігі өмір сүру үшін ең арзан елдердің тізімін құрастырды. Күтпеген жерден біздің елімізге бұл рейтингтегі 5-ші орын бұйырды.«Бесінші орын, Қазақстан. Ресей және Қытаймен шекаралас. Мұнай, көмір, темір кені сияқты елдің табиғи ресурстарының арқасында экономикасы дамып келеді.  Азық-түлік және тұтынушылық тауарлардың құны рейтингтегі өзге елдердің көпшілігімен салыстырғанда төмендеу»,  – делінген материалда.Төртінші орын. Сауд Арабиясы. Үшінші орын – Косово. Екінші орын – Үндістан. Рейтингтің көш басында Оңтүстік Африка Республикасы тұр. Жұмыс істейтін және зейнетке шыққандар үшін ең арзан ел. Ең соңғы, 50-ші орынды агенттік Белоруссияға берді. Украина 24-орында болса, Ресей 39-орында.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!