Қарағандыда қариялар мен мүгедектер тегін тамақтанатын кафе ашылды

Мұсылман отбасы «Шығыс» базары жанынан шариғатқа сай «әл-Райан» атты дәмхана ашты. Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт ашылуына қатысып, мешіттің азаншысы Үсенов Арыстан құран оқыды. Бұл туралы ihsan.kz хабарлайды.

Дереккөз: ihsan.kz
0
қарағанды кафе

Кафенің қожайыны ашылу құрметіне түске дейін 300-ге жуық ер адамдарға, түстен кейін 150-ге тарта әйел жамағатына ас берді. Айтуларынша осы сынды қайырымдылық шаралары әрдайым ұйымдастырылып отырады.Сондай-ақ ҰОС ардагерлері мен мүгедек жандар және егде тартқан адамдарға кез-келген уақытта тегін тамақтануына болады.150 орындық кафенің ас мәзірі де қалта көтерерлік. 30 түрлі Еуропа және Шығыс елдерінің тағамдары бар. Мал етін де шариғат нормасына сай өздері соятын көрінеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу