Қарағанды облысының әкімі халыққа ағылшын тілінде есеп берді

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халыққа есеп беру барысында шетелдік инвесторларға алғысын ағылшын тілінде жеткізді. Өткен жылы өңірдің негізгі капиталына 350 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Оның 24 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Әсіресе, металл, көмір кәсіпорындары көп қаржыландырылған.

Дереккөз: АстанаTV
0
Нұрмұхамбет Әбдібеков

Облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков ел экономикасына үлес қосқан шетелдік инвесторларға осылай алғысын білдіріп, болашақта да әріптестік орнатуға үндеді. Ал қарағандылықтарды ағылшын тілін үйренуге шақырды. Аймақта халықтың 4 пайызы ғана үш тілді еркін меңгергеніне қарамастан, облыста мемлекеттік тіл саясатымен бірге, шет тілдерін оқыту қолға алынғанын айтты.

Елбасының «Тілдердің үш тұғырлылығы» жобасын жүзеге асыру аясында соңғы бір жылда мемлекеттік тілді оқытатын орталықтарда 2 мыңнан астам адам білім алса, ағылшын тілін 600-дей тұрғын оқып шыққан. Әкім келтірген статистикаға сүйенсек, халықтың 61 пайызы қазақ тілін, 92 пайызы орыс тілін, ал 7 пайызы ғана ағылшын тілін меңгерген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу