Головкин: Чемпиондық атақтың бәрін ұтып алғым келеді

IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин барлық титулға қол жеткізгісі келетінін айтты, деп хабарлады sports.kz-ке сілтеме жасаған Қазақпарат. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Геннадий Головкин

23 сәуірде Лос-Анджелесте Головкин IBF титулына міндетті үміткер Доминик Уэйдпен жекпе-жек өткізеді.

«Барлық титулға қол жеткізгім келеді. Уэйд жас және жақсы боксшы. Ол міндетті үміткер. Мен боксшымын. Жалғыз Альвареспен ғана емес, басқалармен де жақсы жекпе-жектер болғанын қалаймын. Барлық белбеудің иегері болғым келеді», – деген Головкиннің сөзін BoxingScene келтірді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу