Мамандар ЭКСПО көрмесі Қазақстанға 300 млн еуро пайда әкелетінін айтты

ЕХPО-2017 халықаралық көрмесінен түсетін табыс телегей теңіз. Көрмені көрсету арқылы 300 миллион еуро табу жоспарланған деп хабарлайды Алматы арнасы. Дереккөз: Алматы ТВ

0
экспо-2017 астана қазақстан

Бюджетке қомақты қаржы түседі деген мәлімдемені сенатор Ольга Перепечина таратты. ЭКСПО-дан түсетін теңгені алдын ала санап қойған сенатордың сөзінше, көрмеге қатысушыларға жеңілдік қарастырылған.

Ал қаржы демеушілерден, көрмеге билеттер сатудан, тамақтану мен басқа да қызмет түрлерін көрсетуден түседі. Астанада өтетін халықаралық ауқымдағы шара отандық туристік кластердің дамуына да ықпал ететін болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!