Қырымбек Көшербаев: Біз Байқоңырды жалға бергенімізбен, халқымызды жалға берген жоқпыз

Өткен аптада әкім жаңадан құрылған қоғамдық кеңес алдында былтыр атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа Байқоңырдың болашағы туралы сұрақ қойылды.

Дереккөз: nur.kz
1
Қырымбек Көшербаев

Көшербаев: «Байқоңырды жалға бердік екен деп, оның болашағына, халықтың әлеуметтік жағдайына бей-жай қарай алмаймыз. Себебі халық біздікі деді. Қазір жұмыстан босаған байқоңырлықтарды қайтадан жұмыспен қамту үшін облыс билігі жұмыс істеп жатыр. 2015 жылы Ресей тарапы жұмыстан босатқан жүздеген Қазақстан азаматы қайтадан жұмысқа орналастырылды. 5,6 жыл бұрын Қазақстан тарапы салып, Ресей жағы қабылдамай қойған медицина мекемесі де жақында іске қосылып, оған да 300-дей адам жұмысқа орналастырылады», — деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ресей пайдаланылмай жатқан Байқоңыр маңындағы 11 мың гектар жерді Қазақстанға қайтарды. Ол жерге жергілікті билік инфрақұрылым тартылып, жаңа кәсіпорындар салынады.

Байқоңырда 75 мың адам тұрып жатса, оның 55 мыңға жуығы — Қазақстан азаматы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

  1. Мен Облыс Акими Кырымбек Кошербаев мырзанын билимды, кайратты, халыктын алеуметтик жагдайын жаксартатына риясыз сенемин. Аллаhым узагынан берсин, денсаулык, куш-куат берсин! Талаптарына, жоспарларына т.б. ондылык!

Пікір қосу