Шымкет шаһарында көктемгі көркейту жұмыстары жүргізіледі

Шымкент қаласы бойынша 2016 жыл көктем маусымына дайындау - көркейту, көгалдандыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

0
Шымкет шаһарында көктемгі көркейту

Атап айтсақ, көктем маусымында ерте гүлдейтін голландық қызғалдақ 90 300 дана гүл көшет тұқымдары (930м2) ОҚО әкімшілік іскерлік аумағына, қызғалдақ су бұрқағы гүлзарына, қала әкімдігі аумағына, Ордабасы алаңына және Кең баба саябағы алдына отырғызылды.

Қаланың орталық көшелері, алаңдары және саябақтары мен гүлзарларында 16000м2 жаздық гүл орындарына 650 000 мыңнан аса көшеттерін отырғызу жоспарланып, Республика даңғылы, Тауке хан даңғылы, Астана даңғылы, Қонаев даңғылы, Бәйдібек би даңғылы, Момышұлы, Желтоқсан, Темірлан тас жолы, Жібек жолы, Рысқұлов, ОҚО әкімшілік іскерлік аумағы, Әл Фараби алаңы, Түркістан, қалалық әкімшілік аумағы, Бақпаев, Орталық саябақ, Жеңіс саябағы, Тәуелсіздік саябағы, Металлургшілер саябағы, Абай саябағы, Этно саябағы, Нұрсәт саябағы т.б. орындарда жер аудару, көң себу жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылы жоспарланған 80000 мыңнан аса декоративті ағаш көшеттері мен көп жылдық бұтақшаларының 35000 данасын көктем маусымында орталық көшелер, саябақтар мен гүлзарларға отырғызу жұмыстарының дайындығы қолға алынған.

Агротехникалық талаптарға сәйкес, ағаштарды қалыпқа келтіріп бұтау, өсіктерін кесу жұмыстары Дулати, Қазыбек би, Орынбаев, Иляев, Қонаев, Темірлан, Гагарин, Қалдаяқов, Абай даңғылы, Бақпаев, Жангелдин, Диваев, Түркістан Момышұлы Республика даңғылы, Рысқулов, Жібек жолы, Қабанбай батыр т.б. қаланың орталық көшелерінде жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қонаев даңғылының Түркістан көшесінен бастап Желтоқсан көшесіне дейін аралығында жасыл алаңды қайта құру (суғару құбырын салу, газон егу) жұмыстары бастылып, 15.04.2016ж дейін аяқтау қарастырыл отыр.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және су басуларды болдырмау мақсатында сенбіліктер ұйымдастырып, өзен-каналдарды тазалау, көктем мезгілінде ауа райының қолайсыз күндері жауын-шашынның салдарынан жеке үй құрылыстары іргесіндегі арық–атыздарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ:

– Жаңа Шек каналының арнасын (Сматлаев көшесі және Тоғайлы өткелі бойымен) Желтоқсан және Әлімбетов көшелері аралығында қамыстарды орып, тазалау;

– Қошқар-ата өзенінің Самал базары тұсынан Тельман елді мекені, Самал-3 м/а арнасының шақырым бөлігі механикалық, 1,1 шақырымын қолмен тазалау;

  • Қарасу өзені механикалық жолмен 500 м, қолмен 1,2 шақырым тазалау;
  • Жаңа шек каналы механикалық жолмен 600 м, қолмен 0,8 шақырым тазалау;
  • Шымкент каналы механикалық жолмен 420 м, қолмен 210 м шақырым тазалау;
  • Ақтас елді мекеніндегі каналдын 850 м бөлігі механикалық жолмен тазалау;
  • Канка каналы арнасының 0,5 шақырым бөлігі механикалық жолмен

тазалау жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандандырылған «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і мекемесіне тапсырма берілді.

Жұмыстардың орындалуы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бақылауында болады.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!