Зейнетақы қорындағы ақшаға төніп тұрған алты қауіп

10 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы қорынан 1 триллион 450 миллиард теңеге шығарып алып, ол ақшаны бірқатар бағыттарда инвестициялауға тапсырыс берді. Елбасы бұл қадам салымшылардың қаржысын сақтап, көбейту үшін жасалып отыр деп атап өтті. Дереккөз: http://theopenasia.net/kz/articles/detail/zeyneta-y-orynda-y-a-sha-a-t-n-p-t-r-an-alty-au-p/

0
зейнетақы теңге тиын ақша

Алайда, қоғамда бұл жаңалық жақсы қабылданбады. Әлеуметтік желілер зейнетақы қорындағы қаражатты экономика мен бизнеске жан бітіру үшін пайдаланудың дұрыс-бұрыстығын айтып шулады. Айналып келгенде, қазақстандықтар жинаған ақшасының сақталуына алаңдайды. «Открытая Азия онлайн» экономика саласындағы эксперттермен кездесіп, қазақстандықтар үшін президенттік тапсырмасының тұтас орындалуынан келіп-кетер қауіп қандай екенін анықтауға тырысты.

Акорда.jpgСонымен, президенттік тапсырмасы бойынша, 500 млрд теңге сыртқы нарықтарға инвестиция жасау үшін шетел валютасына конвертацияланбақ. Басқаша айтқанда, жарты триллион теңгені шетел валютасына айналдырып, шетелдік құнды қағаздарға салмақ. Елбасының ойынша, бұл БЖЗҚ портфелін әртараптандырып, азаматтардың зейнетақы салымдарының табыстылығын арттыруға септігін тигізеді екен.

Тағы 600 млрд теңге екінші деңгейлі банктердің және ұлттық холдингтердің облигацияларын қайтарымды шартпен және нарықтық пайыз бағамдарымен сатып алуға жұмсалады. Бұл деген – сол ақша банктер мен ұлттық компаниялар үшін несиеге айналады деген сөз. Осы қадам да зейнетақы активтерін сақтап, көбейтуге ықпал етеді деген болжам бар.

Қалған 350 млрд теңге шағын транштарға бөлініп, экономиканың маңызды секторларын жандандыруға бағытталады екен. Президенттің ойға алғаны жүзеге асатын болса, өмір қалай өзгеретінін инфографикамен көрсетуге талпындық.

e6a017d3f111c5fa126830faad16990a.pngАлайда, тәуелсіздік алғалы бері қаржылық соққыдан көз ашпаған қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатының тағдырына қатты алаңдап отыр. Жұрт ақша құнсынданып кететінінен бір қорықса, талан-таражға түсе ме, не болмаса, мақсатсыз жұмсалып кете ме деп екі қорқады. Бұл қауіп қаншалықты расқа айналуы мүмкін екенін және зейнетақы қорындағы қаражатқа қандай қатер төніп тұрғанын түсіну үшін экономика және зейнетақы жүйесі саласының эксперттері – Айдар Әлібаев пен Денис Кривошеевті сөзге тарттық.

31d40dae95f40bec624a7193f11e4530 (1).jpg

Бірінші қауіп: мемлекеттік қызметкерлердің селқостығы.

– Зейнетақы қорындағы қаражат мемлекеттік ұйымдарға өтеді де, содан кейін қандай да бір жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады, – деп түсіндіреді А. Әлібаев. – Ол бағыттарды президент айқындап берді: инфраструктуралық, ауыл шаруашылығы, орта және шағын бизнес және т.б. Ол жобаларды кім жүзеге асырады? Онымен мемлекеттік қызметкерлер корпусы, оның түрлі тармақтары – әкімдер, басқармалар, департаменттер, комитеттер, министрліктер немесе мемлекеттік холдингтер айналысады. Олар тура жауапкершілік жүктейді, мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер жүргізеді. Сөйтіп, зейнетақы қорындағы қаражатымыз мемлекеттік қызметкерлердің қолына өтеді, сол жерде талан-таражға түсіп, қалталарда қалып кетуі мүмкін.

Екінші қауіп: жауапкершіліктен құтылып кетеді.

– Қайталап айтайын, мен зейнетақы қорындағы қаражаттың тағдырына, оның қайда жұмсалатынына алаңдаймын, – дейді А. Әлібаев. – Және бұл қауіп мемлекетіміздің 25 жылдық тәжірибесінен туындап тұр. Ақша таланып жатқанын, жауапкершілік жоқ екенін көріп жүрміз, ешкім жауапқа тартылып, жазаланып жатқан жоқ, көп болса – саусақ безеп қоя салады. Бұл ақшаның да тағдыры сондай болғанын қаламас едім.

Үшінші қауіп: сапасыз нысандар

– Бүкіл дүние жүзінде кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандар мемлекеттік бюджет есебінен салынады. Ал бізде кенеттен ол мақсатқа халықтың ақшасын, жұрттың қарттыққа деп жинаған ақшасын салуға шешім қабылданып отыр, – деп налиды А. Әлібаев. – Ал мен сол нысандар сапалы салынатынына күмәнданамын. Қашанғыдай болатын сияқты – мердігерлер сапасы төмен материалдар сатып алады, оған көбірек ақша төледік деп жаза салады, ал салынған ғимараттар қирап, құлап жатады.

Төртінші қауіп: тиімсіз салымдар

– Тағы да ақшаны орнымен жұмсап отырған жоқпыз, – дейді Д. Кривошеев. – Шетел валютасы мен құнды қағаздар сатып алуға қазір кеш. Зейнетақы қорындағы ақшаның бәрін, 5 триллионды түгелдей ертеректе, бірінші девальвация (150 теңгеден 180 теңгеге) болмай тұрып конвертация жасап тастау керек еді. Біз болсақ, алдымен ақшаны құнсыздандырып алып, енді келіп оны валютаға айналдырып, содан пайда тапқымыз келеді.

– Шетелдің құнды қағаздарына инвестиция салу бізге қандай пайда береді? Бір процент болса да тәуба, – дейді А. Әлібаев. – Зейнетақы қорынан жарты триллионды шығарып алып, осындай мақсатқа жұмсаудың қандай мәні бар? Бұл қадамның мақсаты маған түсініксіз. Ал 600 миллиардты банктер мен ұлттық холдингтердің шартты облигацияларын сатып алуға жұмсағысы келеді. “Шартты” деген не екенін де түсініп отыған жоқпын. Ұлттық компанияларға қолдау көрсету деген ше? Тіпті еш ақылға сыймайды.

Бесінші қауіп: ШОБ түк тимейді

– Бір жарым триллион теңге деген не? Төрт миллиард доллар, – деп есептеп көрді Д. Кривошеев. – Аз-ақ ақша. Бұл ақшаның үштен бері шетел валютасына конвертацияланатынын және орташа кәсіпкерлік жоба 200 млн долларға бағаланатынын ескерсек, үкімет 10-15 жобаға ғана қаржы құя алады. Ол жұмыс орындары қашан жұмыс істей бастайды? Оның үстіне, ақшаның бір бөлігі жағдайы төмендерге арналған тұрғын үй салуға жұмсалады. Ол үйлер қайда салынады? Біздегі тұрғын үй нарығы онсыз да толып кеткен. Кепілдікте тұрған тұрғын үйді босатудың орнына, біз жаңасын салмақпыз. Бұл тұрғын үй нарығын да төмен тартады.

– Шағын және орта бизнеске қолдау банктер арқылы кететін болса, не болатынын бәріміз білеміз, – дейді А. Әлібаев. – Мына байғұс бизнесмен, 10-12 мың доллар (әрине, теңгемен) алу үшін папка-папка анықтама жнап, неше жыл сандалып жүреді, түрлі комиссиялардың, банктерде отырған инвестициялық комитеттердің табалдырығын тоздырады. Ал олардың басты мақсаты – уақытты созып, ақша бермеу.

Алтыншы қауіп: жұрт көшеге шығып кетуі мүмкін

– Елде қаржыландыру көзі аз қалды, – деп тұжырымдайды А. Әлібаев. –  Бюджетте үлкен мәселелер бар, оны толтыруда проблемалар бар. Ол ағымдағы мемлекеттік мақсаттарды, әлеуметтік міндеттемелерді атқаруға қызмет етеді.Оның үстіне, қазба байлықтарын сатудан түсетін табыс азайды, өйткені шикізат арзандап кетті.  Ал, Ұлттық қор қаржысын президент жұмсағысы келмейді. Бар назарын зейнетақы қорына тігіп отыр. Ал ол болса – жұрттың маңдай терімен тапқан ақшасы. Әрине, халық сол ақшасынан айрылғанын сезеді, түсінеді.

Үкімет мүшелері алдында сөйлеген сөзінде президент мұндай дағдырысқа қарсы шараларды атқаруға басқа елдердің мүмкіндігі жоқ, олардың жай ғана қолында қоры жоқ екенін атап өтті. Қазақстан атқарып отырған шаралар тек жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке миллиардтаған ақша әкеліп қана қоймай, зейнетақының өзін сақтап қалуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев ол ақшаның тағдырына ешкім алаңдамауы тиіс екенін мәлімдеді.

Президент 2017 жылдан бастап елде зейнетақы қорындағы қаражат өзі көрсеткен бағыттарға инвестициялана бастауын талап етті. Ендігі жерде мемқызметкерлер сәйкес бағдарламаларды жүзеге асыру механизмдерін жасауы тиіс. Қазақстандықтар болса, бүгін эксперттеріміз айтқан болжам емес, үкіметтің қызылды-жасылды армандары орындалады деп сенгеннен басқа амалы жоқ.

P.S.: Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сүйенсек, 2016 жылғы 1 қаңтарда қазақстандықтардың зейнетақы салымдары 5 триллион 828 миллиард 234 миллион 431 мың теңге екен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу