Шымкент қаласы аумағында жол-көлік қауіпсіздігіне байланысты 2908 әкімшілік хаттама толтырылды

Шымкент қаласы аумағында 2016 жылғы ақпан айының 09-14 күндері аралығында жол-патрульдік полициясы саптық құрылым қызметкерлерімен анықталған әкімшілік құқықбұзушылық туралы 2908 әкімшілік хаттама толтырылды деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

0
жол-көлік қауіпсіздігі жол полициясы

Оның ішінде 542-сі жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуға, 375 хаттама көлік тізгінінде телефонмен сөйлесу бойынша қағазға түсірілген.

Соңғы уақытта қала аумағында жеңіл автокөліктердің терезесіне жапсырылған (тонировка) заңсыз тапсырмалар бойынша бірқатар рейдтік шаралар жүргізілді. Нәтижесі бойынша 328 хаттама түзілген.

Қауіпсіздік белбеуін тақпағаны себепті 306 көлік жүргізушісіне түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, көлікті құжатсыз тізгіндеген 269 азаматқа әкімшілік хаттама жазылып, 195 азаматқа тиым салынған белгілерге тоқтамау бойынша шара көрілді.

Осы бір апта ішінде  мас күйінде көлік жүргізген 18 жүргізуші құрықталып, 2 автокөлік жалған мемлекеттік белгі таққаны белгілі болды. Бір автокөлік иесі жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін, 2 көлік жүргізушісі жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған бес күн ішінде 424 көлік айыптұрағына тоғытылып, оның 143-і эвакуатордың көмегіне жүгінген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу