Элизабет Тұрсынбаева қола медаль жеңіп алды

Лиллехаммерде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдеге қол жеткізді.

0
Элизабет Тұрсынбаева

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. Оның нәтижесі бойынша алтын мен күміс жүлдені ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар – Полина Цурская және Мария Сотскова иеленді. Ал қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдені жеңіп, үздік үштікке енді.

1. Полина Цурская (Ресей) 186.04
2. Мария Сотскова (Ресей) – 169.50
3. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан)167.88.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!