Давид Лемье: Мен Головкинмен тағы бір рет айқасқым келеді

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы канадалық Давид Лемье 12 наурызда Монреалда (Канада) рингке қайта оралады деп хабарлайды Қазақпарат.

Дереккөз: ҚазАқпарат
1
Давид Лемье

Оның қарсыласы 28 жастағы мексикалық Джеймс Де Ла Роса болмақ. Бұл Лемье үшін өткен жылдың қазан айында Геннадий Головкиннен жеңілгеннен кейінгі алғашқы айқасы, деп хабарлайды Allboxing.ru.

Биылғы жылы Лемье қазақстандық боксшыдан қарымта қайтаруға құлшынып отыр.

«Негізінен алып қарағанда, маған емес, менен гөрі Головкинге айқас қажет болды. Чемпион ретінде мен онымен жұдырықтасқым келді. Мен ең мықтылармен айқасқым келді. Енді экс-чемпион ретінде бәрібір Головкинмен жекпе-жекке шыққым келеді. Мен өз титулымды қайтарғым келеді. 2016 жылы мен чемпион болуды жоспарлап отырмын», — дейді Лемье.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу