Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды (видео)

Футзалдан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыс қожайыны Сербия құрамасымен қола жүлдеге таласқа түсіп, тарихи жеңіске жетті!-деп хабарлайды Массагет сайты. Дереккөз: Массагет

0
Қазақстан футзал

Бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы ойын тізгінін бірінші болып алды. Серік Жаманқұлов жақсы ойластырылған шабуылдың арқасында допты сербтер қақпасына жақсы бағыттады. Алайда, өкінішке орай, доп бағанаға тиіп кері қайтты. Уақытының көп бөлігі стантартты жағдайлармен аяқталды. Қос қаманда да бір-бірінің осал тұстарын таба алмай, қарқынды ойын жүргізді. Сербтер ойын барысында біраз дөрекілік іс-әрекет көрсетіп, жай ауысша ескертулермен шектелді. Ойынның аяқталуына 17 секунд қалғанда Дуглас допты қақпаға тура бағыттап, команданы 1:0 есебімен алға шығарды.

Екінші кезеңде Еуропа чемпионатынының “Алтын бутсыдан” ең басты үміткері Серік Жаманқұлов ойынның алғашқы минутында өзінің алтыншы голын соқты. Қазақтан құрамасы екінші таймда барлық көрсеткіш бойынша басым түсіп отырды. Қазақ футболшылары көптеген керемет айла-тәсілдер ұйымдастырып, шабуылдарының бірінде Дуглас командаға тағы бір гол әкелді. Ал Игита болса, сербтердің бос қалған қақпасына допты алыстан лақтырып есепті 4:0 есебіне жеткізді. Сербия командасының белсенділігі ойын сайын саябырсып, ойынары жүрмеді. Алайда матчтың үшінші минутында сербтер бір гол сала алды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу