Рио Олимпиадасын тамашалағысы келген қазақстандықтардың қалтасында 3,8 млн. теңгесі болуы керек

Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның ұлттық құрамасына жанкүйер болғысы келген азаматтар қалтасынан 3,8 млн. теңге шығындауына тура келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Дереккөз: ҚазАқпарат

1
Қазақстан Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындары

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми билет агенті болып бекітілген  «Complete Service» халықаралық туристік агенттік қазақстандық жанкүйерлерге бірегей сапар ұйымдастыруға көмек бермек. Қазақстандықтар Риоға тамыздың 4-і мен 14-і аралығында сапарлап, 11 күн, 10 түн бола алады. Туристерге 3,8 млн. теңгеге (1 доллар 368 теңге бағамымен) жазғы ойындардың ашылуы салтанатын тамашалап жарыстың бес түрін (бокс, ауыр атлетика, дзюдо және қосымша 2 сайыс) көруге мүмкіндік беріледі.

Мұнан бөлек, Бразилияға 14-23 тамыз аралығында барып, 10 күн, 9 түн болуға да мүмкіндік бар. Ал бұл туристік топтамаға Олимпиада ойындарының жабылу шарасы және   (бокс, ауыр атлетика, күрес және қосымша 2 сайыс) кіреді.

Айта кетейік, 31-ші жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-21-і  аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!