«Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрттің салдарынан ондағы қызметкерлер тергеуге алынды

Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» көпсалалы кешеніндегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нысандағы өрт қауіпсіздігіне жауап беретін «НикаСтройСервис» ЖШС инженер қызметкерлері тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
1
Әбу-Даби Плаза

«Қозғалған қылмыстық іс барысында 28.06.2010 жылғы № 295-IV заңға сәйкес, нысанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «НикаСтройСервис» ЖШС инженер қызметкерлері, сонымен қатар құрылыс компаниясының қызметкерлері тергеліп жатыр», — делінген Р. Иманқұловтың хабарламасында.

Еске сала кетейік, «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрт сағат 10:44 жойылды.

2016 жылы 13 ақпанда бүгін сағат 4.40-та кезекші бөлімге Abu Dabi Plaza кешеніндегі өрт туралы хабар түскен.  Хабарлама түскеннен кейін 10 минут ішінде өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті.

Сағат 8.25-те тілсіз жау ауыздықталды.

Подъезд жолдары болмағандықтан жалынмен арпалысу қиынға соқты.

Салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрттің тарауын және ғимараттағы жағдайды жоғарыдан байқап, оған баға беру үшін «Еврокоптер 145»  тікұшағы жұмылдырылды.

Жапа шеккендер жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу