Қазақстанда Ресей полигоны қысқартылады

Қазақстан парламенті сенатының депутаттары бейсенбі күні Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы ресми түрде 929-ұшу және сынау орталығы деп аталатын Тайсойған полигонын пайдалану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы мақұлдады.

Дереккөз: Орталық Азия
0
Қазақстан Ресей полигон

Сенат комитетінің қорытынды құжатында хаттамада Ресей жағының полигонның жалға пайдаланатын аумағын азайту, Қазақстанның полигон аумағын маусымдық ауыл шаруашылығы және геологиялық барлау жұмыстары үшін пайдалану тәртібі қарастырылғаны айтылады.

Хаттамада Ресейдің Қазақстанға жыл сайын төлейтін жалдау ақысын 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4,45 миллион доллардан 3 миллион долларға дейін азайту да қаралған.

Қазақстан мен Ресей Тайсойған полигонын пайдалану тәртібі туралы келісімге 1995 жылы 20 қаңтарда қол қойған. Келісім бойынша, Ресейдің 929-ұшу және сынау орталығына деп Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарындағы территориялар жалға берілген.

Бұған дейін Ресей Қазақстанда жалға пайдаланатын әскери полигондары санын қысқартатыны хабарланған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу