Павлодарлық кәсіпкерлер зейнеткерлерге азық-түлікті тегін таратуда

Павлодар облысының Ақсу қаласында іскер азаматтар зейнеткерлерге қолдау көрсетіп жатыр. Олар қарияларға күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін тегін таратады. Дереккөз: 24.kz

0
Базар азық-түлік

Олар қарияларға күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін тегін таратады. Бұрын-соңды болмаған дағдарысқа қарсы шараны жеке дүкен иесі Россана Кораблева қолға алды. Кәсіпкер өзінің тұрақты тұтынушылары, яғни қарияларға ас атасын тегін таратқан. Енді міне нан кезегін шаһардың көмекке мұқтаж басқа да жандары толтыра бастады. Аптасына бір рет дүйсенбі күні нанды тегін таратып отырған іскер әйелдің қайырымдылық бастамасын басқа кәсіпкерлер іліп әкетті. Коммуналдық базарлар картоппен сәбізді 2 келіден тегін үлестіріп отыр. Қарияларға зейнеткерлік куәлігін көрсетуден басқа талап қойылмайды.

Валентина Смагина, зейнеткер:

– Мен үшін бұл аз да болса көмек. Бізге көңіл бөліп жатқандарының өзі қайда жатыр. Аптасына бір рет осында келіп, тегін нан алып тұрамыз.

Россана Кораблева, кәсіпкер:

– Бұл – жүректен шыққан жылылық. Өзім бастама көтердім, егер жақсылық жасайтындай жағдай туып жатса, неге көмектеспеске?!

Есен Мұқышев, коммуналды базардың директоры:

– Біз зейнеткерлер үшін арнайы орын бөлдік. Осы акцияға қосылып, картоп, сәбіз және нанды тегін беріп жатырмыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу