Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалында былтырғы чемпион Италиядан 5:2 есебімен басым түсті. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды деп жазады 24.kz.

Дереккөз: 24.kz
0
Қазақстан футзал

Жерлестеріміз алғашқы таймда-ақ тізгінді қолдарына алып, қарсыластардың жеңіске деген ұмтылыстарына қарамастан, ойын соңына дейін өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп бақты.

Енді құрамамыз 11 ақпанда жартылай финалда Испаниямен кездеседі.

Қазақстан – Италия – 5:2 (2:0) Голдар: Лео 16 (1:0), Жаманқұлов 19 (2:0), Фортино 23 (2:1), Есенаманов 23 (3:1), Каналь 37 (3:2), Нұрғожин 37 (4:2), Лео 40 (5:2).

Ескерту: Игита 33 – Мурило 20

Қазақстан: Игита, Шамро – Лео, Дуглас, Довгань, Есенаманов, Сүлейменов, Першин, Кнауб, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Таку, Нұрғожин

Италия: Маммарелла, Миарелли – Эрколесси, Габриэл Лима, Алекс Мерлим, Фортино, Романо, Леджьеро, Джассон, Мурило, Онорио, Де Лука, Патиас, Каналь Төрешілер: Камил Четин (Турция), Седрик Пелиссье (Франция) 10 ақпан. Белград. «Арена Белград».

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу