Өзбекстанда компьютерлік ойындарға тыйым салмақ

«Камолот» жастар ұйымы мен астаналық хокимият (әкімдік) жанындағы рухани насихаттау орталығы тыйым салынатын компьютерлік ойындардың тізімін әзірледі. Дереккөз: Сentralasian

2
компьютерлік ойын

Sputnik интернет-басылымының хабарлауынша, бұл тізімге қатыгездікті, зорлық-зомбылықты, діни экстремизмді, насихаттайтын құмар ойындар мен порнографиялық көрсетілімдер кірген.

«Компьютерлік ойындар бүгінде балалардың нерв жүйесі мен өмірлерін жұтып жатыр. Құмар ойындардың балалар психикасына қаншалықты әсер ететіндігі жөнінде қоғамда үнемі даулар болып тұрады. Сондықтан сарапшылар балаларға ойнауға болмайтын ойындарды бөліп, сараптады. Біз бұл жұмысты үнемі жүргізіп, тізімді жаңартып отырамыз», – деді «Камолот» өкілі.

Ол сонымен бірге арнайы комиссия мұғалімдерден, психологтардан және басқа да мамандардан құралғанын атап өтті. Олар ойынды талдаған кезде, ең бірінші өзбек халқының менталитетіне сәйкес келетін-келмейтіндігіне мән береміз деді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

2 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!