Қазақстан Иранға ет экспорттайтын болды

Дүйсенбіден бері Иран астанасында жүрген қазақстандық делегация әріптестерімен қазақ-иран сауда-экономикалық қарым-қатынасының дамуын талқылап жатыр. Дереккөз: Сentralasian

0
Қазақстан Иран

Қазақстанның «сауда миссиясы» Иранды халықаралық санкциядан алып тастағаннан кейін екі елдің даму жолын бірінші рет талқылап жатыр.

Қазақстандық делегацияның қатысуымен Тегеранда түрлі бизнес-форумдар, ресми кездесулер өтіп жатыр. Қазақстан өз кезегінде тауарларды экспорттау мәселесіне мүмкіншілік беруде.

250 адамнан тұратын делегацияны Даму және инвестиция жөніндегі министр Әсет Исекешев бастап барған.

Иран тарабы болса, қазақстандықтарға Парсы шығанағы портын дамыту жөнінде ұсыныс жасады.

Арнайы сапар барысында Қазақстан Тегеранмен ұзақ мерзімге қазақ етін Иранға тасымалдау жөнінде келісімге келді. Келісім құны 30 миллиард долларға бағаланып отыр. Бүгінде Қазақстанда 160 бірлескен қазақ-иран кәсіпорны жұмыс істейді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!