Солтүстік облыстарға -30 градустық аяз қайта келеді

Кешегі аптада Қазақстанның басым бөлігінде сақталған ерекше жылы ауа райының орнына аязды күндер қайта келеді деп хабарлайды "Қазгидромет". Бұл туралы sn.kz хабарлайды.

Дереккөз: sn.kz
0
30 градус аяз

9-11 ақпан аралығында оңтүстік-батыстың тропосфералық ағындарын солтүстік ағындар алмастырып, Қазақстанға арктикалық ендіктен суық ауа ағындары келеді.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, аяз орнайды. Жел күші секундына 15-25 метр жылдамдықпен соғып, ауа температурасы түнде -30 градусқа дейін төмендемек.

Ал, оңтүстік пен оңтүстік шығыс өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласып, таулы аймақтарда жауын-шашын молынан түседі. Күн суытып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу