«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлеуге байланысты келісімдер қабылдауды бастайды

Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы бүгінде 171,9 миллиард тенгені құрап отыр. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларынан өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімдер қабылдауды бастайды. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 467 мыңнан аса шарт иелеріне, оның ішінде салымында 1 миллион теңгеден жоғары қаржысы бар салымшыларына өтемақы төлейді. Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы бүгінде 171,9 миллиард тенгені құрап отыр. Дереккөз: zakon.kz

0
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Бағам айырмашылығы бюджет қаражаты есебінен және банктің меншікті қаражатынан төленеді. ҚТҚЖБ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, салым сомасына ешқандай шектеулер қойылмаған. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттердегі салымдарға ғана өтемақы төленеді. Ал, мынандай жағдайларда ТҚЖ салымына өтемақы төленбейді: «Салым 2015 жылдың 18 тамызына дейін берілген тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары бойынша қамтамасыз етуде тұрған болса; Ақша салу күніне баспананы сатып алу-сату шарттары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында кейіннен сатып алумен жалға алу шарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында жасалған болса; Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзім аясында қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда», – делінген хабарламада.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына жасалатын қосымша келісімге қол қою 2016 жылдың 8 ақпанынан басталып, 1 маусымына дейін жалғасады (соңғы қабылдау күні – 2016 жылдың 31 мамыры). Өтемақы алу үшін ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімге www.egov.kz порталында немесе Банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қол қою керек.

Еске сала кетейік, ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырағаннан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке ҚТҚБЖ салымшыларының жинағын сақтау бойынша дербес механизм қарастыруды тапсырған болатын. Өткен жылдың соңында «Бәйтерек» басқарушы холдингі ҚР Қаржы министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Инвестиция және даму министрлігімен әрі Ұлттық Банкпен біріге отырып, өтемақы төлеудің оңтайлы тетігін әзірлеген еді. Жалғыз акционер бекіткен жылдық қаржылық есептілік және қаржы бөлу туралы Үкімет Қаулысын қабылдаған сәттен бастап күшіне енетін барлық қажетті құжаттар банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында орналастырылған және олармен танысуға болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!