Ахмет Дәуітоғлы: Мені қосқанда Түркиядағы 78 миллион 600 мың қазақтан сәлем әкелдім (видео)

Түркия Премьер-министрі Дауытоғлының Қазақстан Президенті Назарбаевпен Ақордадағы толық құрамды кездесуі 2 сағат 40 минутқа созылды. Дауытоғлұ кездесуде Қазақстанға әр жасаған сапарында өзін Қазақстанның азаматы сезінетінін жеткізді.

Дереккөз: Қамшы
0

Премьер-министр ретінде Қазақстанға алғаш іссапармен келгеніне қуанышты екенін сөйлеген Дауытоғлұ «Сыртқы істер министрі ретінде Қазақстанға көп келгенін, , биылғы жылы Қазақстанға келген алғашқы саяси лауазымды тұлға екенін мақтан ететінін» айтты. Ол өз сөзінде: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы біз үшін де мақтан етер мереке, Сіздің көшбасшылығыңызда, Қазақстанның қол жеткізген барлық дамушылығын өз дамушылығымыз ретінде санаймыз. Түрік-Қазақ қарым-қатынасына зор үлес қосқан Ақсақал ретінде сізге үлкен алғыс айтамыз», — деді.

Назарбаевтың Түркияның 8-президенті Тұрғыт Өзәлмен кезігуінде Өзәлдан «Түркияда қанша қазақ бар?» деп сұрағанын, оған өз кезінде Өзәлдің «Мені қосқанда 70 миллион қазақ бар!» деп жауап бергенін еске салған Түрік Премьері, «Біз жақында халық санағын жасадық, Түркияда, енді, мені қосқанда 78 миллион 600 мың қазақтан сізге сәлем әкелдім» деді. Назарбаевтың «Босқындармен сандарыңыз артып жатыр ғой» деген сөзіне «оларды да қазақ деуіңізге болады, олардың арасында да көп санды Түркі текті бар» деп атап өтті.

Түрік Премьері сондай-ақ Қазақстандағы әріптесі Мәсімовпен де 1 сағаттық кездесу өткізген. Бұл кездесуден соңғы Делегацияаралық отырыста Түрік Вице Премьері Тұғрұл Түркеш, Экономия министрі Мұстафа Елитач, Қатынас және Теңізшілік министрі Бинали Иылдырым, Әділет және Даму партиясын төрағасының бірінші орынбасары Чигдем Қарааслан, Премьердің бас кеңесшісі Али Сарыкая, Сыртқы істер министрі кеңесшісі Фериден Синироғлұ сияқты лауазымды тұлғалар қатысқан.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу