Дариға Назарбаева: Қазақстандықтарға болашақта қытай тілін білу қажет болады

Болашақта қазақстандықтар қытай тілін үйренуі керек. Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Дереккөз: nur.kz
7
Дариға Назарбаева

«Бүгінде біз балаларымызға кем дегенде үш тіл үйретуіміз керек (қазақ, орыс, ағылшын). Жақын болашақта біздерге қытай тілін білу керек болады», — деді Назарбаева.

Сондай-ақ, вице-премьер Қытайдың үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.

«Қытай — біздің жақын досымыз, ірі сауда әріптесіміз және ел экономикасындағы ірі инвестор», — деп атап өтті Назарбаева.

Сонымен қатар, Назарбаева ағылшын тілінің маңыздылығына да тоқтап, әлемдегі барлық әдебиеттер мен барлық ғаламтор ағылшын тілінде екенін атап өтті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

7 пікір

  1. Оданда болашақта қазақша білмегендер нанын тауып жей алмайды десе дұрыс болар еді. Түсінбейтінім өз жерімізде өз тілімізде қаракет жасау керек емес пе оған шет тілді білудің қажеті қанша. Ал шетелмен жұмыс істейтіндер қытайша, орысша, ағылшынша білсін қарсылық жоқ.

  2. Бұлар мйынан кеткен ау сірә, өзіміздің ана тілімізді толыққанды үйрете және енгізе алмай жатқанда, енді балаларымыздың мйына өлімтік қытай тілін құймақшы ғой, сүмелектер, менің балаларым қытай тілінен 2-алса да оқыма деп үйретем, Дариғаға керек болса үйрете берсін өзінікіне.

  3. Ол дегеніміз болашақта ана месимов үйтіп бүйтіп жүріп қазақ жерін қытаймен қосып қазақ автаномиясын құрып (егер құра алса) елімізді талам таражға ұшыратады деген сөөөз.
    Былайша айтқанда қош бол қазақ елі.

  4. Не дейді бір күні қазақ тілі қажет емес деп есіктен шығарып салмасын мына сылқым ханшайым. Бастағы бақты бағалап үндемей отыра берейік десек тілден тіл, діннен дін қалдырмайтын түрі бар елден қазақтарды қуып шығу ғана қалды.,

Пікір қосу