Мақпал Жүнісова: Екі жас депутат бомай-ақ әндерін айтып, тыныш жүрсін (видео)

Бірінің жүрегі ауырып, екіншісінің жүрегі дірілдеп жүрген үміткерлерге Халық артисі Мақпал Жүнісованың өз айтары бар. Халықтың еркесі Мақпал Жүнісоваға да кезінде депутат болуға бірнеше рет ұсыныс түсіпті. Алайда, осы бір сыңғырлаған күлкісі бәріне кедергі келтіріпті. Оған қоса әнші сахнада ән айтпаса, басының сақинасы ұстап қалады екен.

Дереккөз: 31.kz
32
Мақпал Жүнісова

Ал, былтыр танымалдылығы жағынан талантты әншілердің өзін басып озған МС Сайлаубектің бағы ашылды. Түсініксіз тілде ән шырқап ғаламторды дүр сілкіндірген рэперді мұсылмандар одағы депутат мінберінен көргісі келетінін ашық білдірген болатын.

Алайда, біраз өнер иелері тапсырыстар жоқ деп шетелде көсіліп демалып жатқанда рэпердің жұмысы қауырт. Мүлдем бос уақыты жоқ. Дегенмен, ол ел қалаулысы болғысы келеді. Бірақ, ол үшін танымалдылығымды одан сайын арттыруым керек деген рэпер бар күшін салып жатыр.

Сонымен қатар МС Сайлаубек сайлауға биыл қатыспағанымен, болашақта бағын сынауға дәмелі. Рэпер бүгінде сол мандатқа сай болу үшін шешендік өнер дәрістеріне қатысып жүр.

Сайлауға қатысу үшін, партия тізіміне іліккен Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова өзге әріптестеріне қарағанда көп сыналды. Бұл жәйтқа бей-жәй қарай алмаған Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің пікірін баспасөз беттерінде ашық жариялауға көшкен. Осы мәселеге байланысты сұхбат алу үшін біз де  хабарласқан едік, емделіп жатқанын айтып, тек телефон арқылы жауап берді.

Тіпті, түрлі әлеуметтік желілерде Қайратты келемеждейтін суреттерді көрген Гүлзира ханым оларды біреулер қасақана жасап отыр деген пікірде. Ал Қайраттың өзі депутаттық үшін өнерден де бас тартуға дайын екен. Ал, Қайраттың алдындағы буынның сайлауға қатысты пікірі әр түрлі.

Ал, әнші Жанар Дұғалованың экс-продюсері Баян Есентаева оның депутаттыққа ұсынылып жатқанын естігенде:

«Дұғалова депутат болатындай ештеңе бітірген жоқ»

деп бірден ойындағысын айта салғанын жасырмайды. Кейін ақылға салып, өз пікірін өзгерткен.

Дегенмен, мәжіліс депутаты мандатына  шоу-бизнес өкілдері мен спорт маймалмандарын тарту идеясы таңсық дүние емес. Алайда, шетелде оларды сайлау науқанына атсалысу үшін ғана тартатын көрінеді. Ал, додада кімнің атқа шауып, кімнің босқа шапқаны бір жарым айда-ақ анықталады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

32 пікір

  1. Кайрат нуртас не тусінед дейсін саясаттан,бырак жас гой аліде білімін шыңдасын.

  2. Ешким даусын керек етіп тұрған жоқ барин акшанын бұымен шешіп қойған. Сайлау деген ақымақ халықты козбояушылыкпен алдау гой …..

  3. кітап окыган адамдар болсын депутат.Занды билетин,окитын,тусинетин,халыкка жаны ашитын болсын.Акшасы бар адамнын пайдасы не халыкка.

  4. Болсын Қайрат қолынан барі келеді.Халыққа жақын ,ауылдан шыққан халықты ауылды бір кісідей түсінеді.Қолдаймын алға,оғанда жүрек керек қолдарынанан келген адам болсын.Неге осы біздің халық іші тар түсінбеймін.Мен қолдаймын.

    • Бұл іші тарлықтан емес. Бұрыңғы кездері елдің мəселелерін тəжірибесі мол өмір сабақтарынан өткен елдің нағыз қалаулы абыройлы мақалдап сөйлейтін дауласқан екі елдің арасын біріктіретін нағыз шешен ақсақалдар болатын. Қазақ халқы сол кезден қатты өзгерген жоқ, үлкенді сыйлайтын халықпыз(əйтпесе, 25 жылдан астам отырған алжыған шалға шыдамас едік…). Ал бұл жастар шыдасын, тəжірибе жинасын, образын өзгертсін, игі істерімен елге көрінсін, сонда ғана халықтың өзі оларды көтереді…

  5. Жанар мен Кайрат депутат болатындай сауатты адамдар емес кой.Егер елдерин суйип дамысын десе оздери бас тарту керек.

    • Балық басынан шірійді деген осы.Ақыр заманның ең жеңіл белгілері.Бегісізде би болады.Белдеусізден үй болады.Сыйыр пул болады.Қатын би болады,деген заман

  6. Осы кейде, біз біреуді сынауға, келемеждеуге дайын тұрамыз. Біз өзіміз не істеп не тындырдық ойланайықшы. Ішерге ас киерге киім таппай жүріп қалталыларды кекеткіміз келеді. Әй сен өзің сондай болып ал дейтін адам жоқ

  7. Ұят қой депутат деген меніңше басқаша болуы керек ата заңды толық білу, мен тарихымызды ұйқтап жатып айта алатындай түлға болуы керек. Ауырмайды жүрекпен бір күні инфаркт болып жүрмейік!

  8. Сахнаға шығып ән айтумен парламентте отырып халықтың жағдайын ойлау еки болек нәрсе.Оны бари биледи.Олар әншілер саясаттан не тусинеди екен…

  9. Мақпал Жүнісова жарайсыз. Жақсы көрем. Əркім өз орнын білу керек.Сəкен менің жерлесім де дұрыс айтты. Білімі толығуы керек қой.

  10. Енді калмағаны осы еді.Кандай дана азаматтар отырганда..булар кім. коятын болса Мейрамбек Сакен Токтар.Кыдырəлі Калкаман. Кайда солар.Булар жай мазак ретінде деп ойлаймын

    • Колынан не келет? Акша жолында жургендер акшаны биледи. Мысалы халыкты ойлайтын Ринат Зайтовты депутат кылдыруга болады

  11. Депутат болганнан еш пайда жок. Керсинше бул да бир шыгын. Тагы биреуге халыктын калтасын тонап 500 мын айлык алатын болды. Депутаттар карапайым халыктарга гана керек,биреуди соттау ушин,жазалау ушин. Олар елбасы кандай буйрык берсе,тек соны гана орындап отыра береди. Елбасынан асалмайды. Оларда да билик жок. Жай ашейин депутат деген аты болмаса. Ким болса да,осы кунге дейин халыктын жагдайы жаксарган емес. Тек депутат пен елбасынын гана жагдайы жаксарып келеди.

  12. Халыктын жагдай жаксару ушин,алдымен елбасынын ниети халыкка деген коз карасы жаксару керек. Сонда гана халыктын жагдайы жаксарады. Басшы не буйрык берсе,кол астындагылары соган багынады.

    • Шал жаңа өзінің креслосына келгенде елімізді Парламенттік республика ретінде жариялады. Білді ғой қандай керемет, оған саяси бəсекелестер болатын нағыз елім, жерім дейтін тұлғалар болғанын. Олардың ….жалау керек болды. Уақыт келе барлығын қол астына тықты, кедергілерді алып тастады. Елді Президенттік етіп жариялады. Парламентіміз өз абыройынан айырылып «марионеточныйға» айналды. Əркім келіп түкіріп кететін «проходной дворға» айналды…Орыстар айтқандай: «Мы заслуживаем такого руководителя, которого имеем». Сөйтіп, сүмірейіп жүре берейік, шетелден келген əр келімсекке иілейік, мүмкін құлдың жағдайы жақсарар…

  13. Аншi болсын, саншi болсын Казакстан азаматы болса депутат болуга кукыгы бар. Бол болма деуге ешкiмнiн кукы жок.

  14. Бомай-ақ емес, болмай-ақ! Қаншама халық кiрiп оқитын болған соң, қате жiбермеу керек қой! Ауызша айтқанда солай естiлсе де, олай жазылмайды! Қазiрден қателердi түземесек, кейiннен көзiмiз үйренiп, бара-бара сауатсыз ел бола бастаймыз!

    • Парламент-Президенттің марионеткасы, Қайрат-əке-шешесінің марионеткасы…бұл тек əртістер ғана емес, спортсмендер неғып жүр? Ана Сапиев Олимпиададан алтын алды-өте керемет! Болды ма? Əрі қарай не істеп жүр? Шəкірттері қайда? Президенттің маңайында жүргеннен басқа дым шаруа бітіріп жатқан жоқ. Қолынан келетін істерден, яғни спорттан, көрінсін-қолдаймыз! Ал заңды шығаратын органға нағыз білім ді мамандар керек. Өзін-өзі таратқан (тіпті күлкілі жəйіт!) Парламент мүшелері қаншама заң қабылдады, түгеліне қайтадан өзгертулер енгізілді. Ал мына күлегештер Парламенті онсыз-ақ жағдайы нашар халықтың құртып жібереді…

  15. Орын теуіп отырып алган соң тамыр таныстарын шақырады команда жыйнайды солай ақырындап бір қарын майды бір қумалақ шірітедінің аяғын қушады,тіпті алден жақындарының баріне орындарын дайындапта қойган шығар

  16. Менде əнші Мақпал Жүнісова ханымға қосыламын . Əркім өз шаруасынмен айналысын, дəл осы депутат мандатына тускелі жатқан жас əншілердің қолдауы жастарға қажетті жоқ. Олар өздеріне- өздері қолдау көрсететін жағдайға келіп алсын алдымен

  17. менин оиым или букил казакатин ои барибир сатилган мадат депутат креслосы бирак орис болганша анши болсада Каират болганы дурыс ау

  18. Халықты ойлап жатқан біреуі жоқ оқыған көзі ашық көкірегі ояулар болсын. әркім өз орнын білсін. Әнші ма әнші биші ма биші , әркім өз өмірден өз орнын тапсын. Әншілікпен тапқан табыстары жетпей жатыр ау дим мына бишараларларға қомағай көздеріне бір уыс топырақ құйылғанда ғана жететінін қайдан білсің? сыпсың қағып әр жерден орын қалдыру атаққұмар арсыздың алдына қойған мақсаттары деп түсінемін.

  19. Мен Кайраттыда Дугалованыда депутат болуга лайыкты емес деп есептеймин.Анши ретиндеде унамайды.

Пікір қосу