Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев зейнет жасына жеткенімен өкілеттігі ұзартылды

Ел президентінің жарлығымен Бердібек Сапарбаевтың өкілеттілігі 2020 жылға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

1
Бердібек Сапарбаев
nur.kz

Саясаткер биыл 9 ақпанда 63 жасқа толады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының – Ақтөбе облысының әкімінің өкілеттігі зейнет жасына жеткен күннен бастап 2020 жылдың 9 ақпанына дейін ұзартылды», – делінген Ақорда сайтында.

Бұған дейін президент Владимир Божко, Владимир Школьник, Сергей Кулагин, Амандық Батталов пен Бақытқожа Ізмұхамбетовтердің зейнет жасына жетуіне байланысты, олардың қызметтегі өкілеттігін түрлі мерзімдерге ұзартқан болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу