Қазақстан экономикасы ең нашар елдердің қатарында 10-шы орында

Венесуэла екі жыл қатарынан әлемдегі экономикасы ең нашар ел деп танылып отыр, ал Қазақстан 10-шы орынға жайғасқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы Bloomberg әзірлеген рейтингке сілтеме жасап.

Дереккөз: nur.kz
1
Қазақстан экономикасы

Қазақстан экономикасы ең нашар елдердің қатарында 10-шы орында

Агенттік сарапшылары мұны мұнай бағасының түсуімен түсіндіріп отыр. Мәселен, Венесуэлада мұнай экспорттың 95%-ын алады. Өткен жылы бұл елде инфляция деңгейі 98,3%-ға, ал жұмыссыздық 6,8%-ға жеткен. Ағымдағы жылы мұнда инфляция 152%-ға, жұмыссыздық 7,7%-ға жетуі мүмкін деп болжады Bloomberg.

Екінші орында — Аргентина. Үшінші орынға Оңтүстік Африка республикасы тұрақтаса, төртінші орынға Греция жайғасқан. Олардың орындары өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген. Антилидерлер бестігін Украина тұйықтады. Агенттік Украинаның өткен жылы екінші орында болғанын еске салды.

Украинадан кейін: Испания, Сербия, Түркия, Бразилия және Қазақстан елдері тұр. Өткен жылы Қазақстан 9-шы орында болған. Осылайша еліміз көрсеткішін бір сатыға көтерген. Ресей де 7 орыннан 14 орынға түсіп, жағдайы жақсара түскен.

Экономикасы ең жақсы елдер қатарында АҚШ, Малайзия, Румыния, Ұлыбритания, Гонконг, Дания, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань, Жапония елдері бар. Ал лидерлер үштігінде — Швейцария, Сингапур және Таиланд.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу