2016 жылы Байқоңырдан 12 «Протон» ұшырылады

Биыл Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа 18 зымыран ұшыру жоспарланған. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысына келген Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Марат Демеуов айтты. Дереккөз: Kaznews.kaztrk.kz

0
Байқоңыр 12 Протон

Марат Демеуовтың айтуына қарағанда Байқоңырдан ұшырылуы тиіс 18 зымыранның 12-сі «Протон» зымыраны екен. Бұл зымырандар отын ретінде гептилді пайдаланады. Сол себепті, сенаторлар зымыран апаттарына қатысты алаңдайтындықтарын білдірді. Дегенмен, депутаттар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшыру кезінде апат орын алған жағдайда бірлесе әрекет етудің тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей федерациясы үкіметі арасындағы 1999 жылдың18 қарашасындағы келісімшартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!