Алматыда мүгедектерге тегін арба үлестірілді

Қайырымдылық әлемді құтқарады. Алматының белсенді студенттері қаланың 1000 жылдық мерейтойына орай "1000 мейірімді іс" атқармақ. Шаһарда жақсылық пен мейірімділік науқаны қыркүйек айына дейін жалғасады. Дереккөз: almaty.tv

0
Бүгін қаладағы белсенді жастар демеушілердің көмегімен мүмкіндігі шектеулі 10 жанға тегін арба үлестірді. Енді олар ұзақ уақыт бойы арбаның кезегін күтпестен, діттеген жерлеріне оңай қатынауға мүмкіндік алды. Жастар ұйымы көмекке зәру жандардың ешбірін назардан тыс қалдырмаймыз деп отыр. Есте болса, осыған дейін белсенді студенттер мұқтаж жандарға тегін дәрі-дәрмек пен азық-түлік себеттерін таратқан болатын.
“Бұл біздің өткізген  төртінші шара.  Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған “1000 мейірімді іс” жобасын бастаған едік. Бізде көптеген акциялар бар. Бұл жыл бойы жалғасады. Сонымен қатар, әлі алда көптеген шаралар өткіземіз”,- деді   «G-38» жастар ұйымының мүшесі Эльвира ҮМБЕТЖАНОВА. 

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу