Алматыда жол жүру билетінің құны 7 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Алматыда жол жүру билетінің құны 7 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін, деді «Алматы көлік холдиингі» ЖШС басқармасының төрағасы Рифат Абдураманов. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Дереккөз: ҚазТАГ
0
Алматы Жол билеті
24.kz

«1 наурыздан бастап жеңілдікпен жол жүру билеттерімен бірге кез-келген азамат қолдана алатын кәдімгі жол жүру билеттері де қолданысқа енгізілетін болар. Ол да жеңілдік билеті секілді, бірыңғай көлік картасы негізінде жұмыс жасайды. Мүмкін оның құны бұрынғыға қарағанда сәл қымбаттау болатын шығар, 6000-7000 теңге аралығында», — деді Абдураманов сәрсенбіде «Время» басылымына берген сұхбатында.

Бұл ретте ол оқушыларға арналған жол жүру билетінің 1 мың теңге, зейнеткерлер үшін 2 мың теңге және студенттер үшін – 3 мың теңге тұратынын атап өтті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу