Алматыда бауырларын ажалдан аман алып қалған 11 жастағы оқушы медальмен марапатталды

Алматыда бауырларын ажал тырнағынан құтқарған оқушы медальмен марапатталды деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz. Дереккөз: 24.kz

0
алматы мектеп оқушы марапаттау
24.kz

Алматы қаласы Алатау ауданындағы №152 мектебінің акт залында өзінен кіші қарындастары мен інісін құтқарғаны үшін батыр баланың құрметіне салтанатты жиналыс өтті. Марапаттау рәсіміне мектеп оқушылары, мұғалімдері, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың атынан адам өмірін құтқаруда батылдық пен жанқиярлық көрсеткен Данияр «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Алматы қаласының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.Ә.Қасыбаев Сатыбалды Даниярға салтанатты түрде марапатын тапсырды.

«Осы жасаған ерлігі – өз жақындарын қорғау үшін барын салатын нағыз Қазақстан азаматының ісі. 11 жастағы бала көп ересектердің қолынан келе бермейтін, өзінің аса өнегелі адамгершілік қасиеттерін көрсетті», – деп атап өтті Рұслан Әмірзадаұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 29 қарашада күндізгі сағат 12:00-де Алматы қаласындағы уақытша баспананың бөлмесі өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың келуін күтпей, 11 жастағы бала терезенің әйнегін сындырып, қарындастары мен інісін кезек-кезегімен көшеге алып шықты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!