«Даму» қорының жаңа басшысы болып Қаныш Төлеушин тағайындалды

Холдингтің 2016 жылғы 1 ақпанда өткен директорлар кеңесінің шешімімен «Даму» қорының басқарма төрағасы лауазымына Қаныш Тулеушин тағайындалды. Дереккөз: baq.kz

0
Қаныш Төлеушин

Холдингтің 2016 жылғы 1 ақпанда өткен Директорлар кеңесінің шешімімен «Даму» қорының басқарма төрағасы лауазымына Қаныш Төлеушин тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарған болатын. Ал «Даму» қорын осы кезге дейін басқарған Ләззат Ибрагимова «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Қаныш Төлеушин «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2006 жылы Оксфорд Университетін (Ұлыбритания) үздік тәмамдап, инновациялық менеджменттің магистрі атанған. Сондай-ақ, Қаржы және несие мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетінің түлегі.

Өз еңбек жолын 2004 жылы «Темірбанк» АҚ-да бухгалтер-операционист қызметінен бастады. Кейіннен сол банкте есептеу-кассалық бөлімнің бастығы болып тағайындалды. Әр жылдары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да консультант, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-да бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде Инновациялық саясат басқармасын басқарды. 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде еңбек етті. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып тағайындалды. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі болып әр жылдары Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп, Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде «Мемлекеттік саясат және басқару» тақырыбы бойынша оқу мен тренингтер, ЮНИДО тренингі, Австрияда «Өңдеу өнеркәсібінің болашағы» тақырыбы бойынша тренинг, «Ernst&Young» бизнес мектебінің қаржылық үлгілеу, бизнесті бағалау, МВА, қаржылық талдау мен инвестициялық жобаларды бағалау тақырыптары бойынша тренингтерден өтті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу