Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның көптеген аймақтарында әліде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын жауып, қар түсіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің күшейюі сақталады. Тек Республиканың солтүстігінде ауа рауы жауын-шашынсыз болады. Дереккөз: ҚазАқпарат

0

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарында жел 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады, түнде бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде желдің күші 18 м/с болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!