Алматы облысында шенеуніктер көп бала туа беретін анаға көмектесудің орнына, күлкіге айналдырған

Алматы облысында көп балалы ана көпшілікке күлкі болды. 37 жастағы келіншек көп бала тапқаны үшін «кінәлі» болып отыр. Жеті баланы дүниеге әкелген батыр ана биліктен көмек сұрай барса, шенеуніктер туа беретінін бетке басып қайтарып жібереді екен. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлап отыр. Дереккөз: ktk.kz

0
Батыр ана
ktk.kz

Жеті баласын құшақтаған Мейрамгүлдің күні жылаумен өткен. Күйеуі де көп баланы асыраудан қашып, жақында тастап кетіпті. Ескі қалашықта күнелткен отбасы құр нанмен ғана тамақтанады.

Мейрамгүл Нәбиева, батыр ана:

-Көршілер қайыршы деп боқтап кеткен күндер де болды.Талай айғайластым. Сіз қайыршы не екенін білесіз бе? Рас, киім сұрадым балаларға. Бұлар қаңғып жүргендер, бұлардың құжаты жоқ, бұларды көшіріп тастау керек деп  сол қудалады бізді. Жыладым.

Жеті баланың да үстінде жөні түзу киім жоқ. Төртеуі мектеп жасындағылар. Бірақ бәрі де жоқшылықтың салдарынан сабаққа бармайды. Ал беске де толмаған Гүлфия мен Зүлфиясына қуыршақ деген нағыз қол жетпес арман екен.

-Машина дейді, қуыршақ сұрайды мыналар, ана киімдерден бала жаса дейді жасаймын отырып, әлди жасап бер дейді. Жасап берем, ойнайды .

Ойыншықтармен емес, кілең қаңғыбас иттермен ойнайтын бұл жетеуіне ауылдастары «жеті лақ» деп ат қойыпты.

-Жеті лақ деп, болды, басқа мазақтамайды. Ойнамайды, қашып кетеді.

Тек бала-шағасы ғана емес, Мейрамгүлдің өзіне де күйе жағылған. Ол «маскүнем» деген атқа ие. Олай деп жергілікті биліктегілер қойып алған екен. Жәрдемақы ала алмай жүрген келіншекті атқамінерлер осылай 9 ай бойы маңайлатпай қойған.

Мейрамгүл Нәбиева, батыр ана:

-Кіналаған осы әкімдер сол сөз осы жерден шықты. Сосын мен шыдамай айқайладым, кәне, қағаздарыңды алып келіңдер! Көшеде мас жаттым ба мен? Желкемнен сүйреп біреу тауып алыпты ма мені? Пакетке арақ көтеріп жүргенімді біреу көріпті ме?

Тек 10 сыныптық білімі бар Мейрамгүлге мемлекеттен бөлінетін көмек туралы мұнда ешкім түсіндіріп бермеген. Тек араға тілшілер түскен соң ғана 9 ай бойы табанынан таусылған келіншек небәрі 9 минутта тіркеуге алынып, әкім орынбасарының төрінен бір-ақ шықты.

Мәди Бектасов, Шелек ауылдық аймағы әкімінің орынбасары:

-Міне, Май ауылы, Парковая көшесі 11-ші пәтерге мекен-жайға тұрды.

–Ол кімнің үйі?

-Ол менің өзімнің үйім жеке.

–Сонда қалай, сіз өз үйіңізге 7 баласы бар ананы тұрғыздыңыз ба?Тіркеуге тұрғыздым. Басқа амал жоқ.

Тек көп балалы отбасы әкім орынбасарымен бірге тұрмайды. Атқамінерлер оларға арнап жылы үйді жалдап берді. Тіпті, жеті бала туғаны үшін мемлекет есебінен жер де бөлінетін болып шешілді.

Есенғали Есенханов, Шелек ауылдық аймағының әкімі:

-Тіркеуге тұрды ғой. Тіркеуге тұрғаннан кейін жерді береміз. 8 сотық па, 10 сотық па  жерді тауып береміз.

Жеті баланы жылатпаймыз деген шенеуніктер үйді көктемде салып беруге уәде етті. Ал жеткіншектерді мектепке жіберуге мейірімді жандардың көмегі қажет боп тұр. Өйткені оған әкімдікте қаржы қарастырылмаған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу